Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Тамақтану тәртібі – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай-ақ, тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.
Тамақтану режимі бойынша, алдымен, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу қажет. Екіншіден, тәулігіне бір-екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш немесе төрт рет тамақтану керек.
Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни ақуыз, майлар, дәрумендер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады.
Дұрыс тамақтану нормаларын сақтамайтын елдер тізімінде Қазақстан алдыңғы қатарға шыққан. Себебі неде? Күйзелісті дамылсыз тамақ жеумен жеңетін жандардың қатары неге артты? Семіздікке шалдыққан балалар фаст-фудқа тәуелділіктен қалай құтылады? Бүгін 15:05-те «Әйел бақыты» хабарын көріңіз.