Бүгін хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы Польша спортшыларымен ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы Польша спортшыларымен ойнайды

23.04.2015
Бүгін хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы Польша спортшыларымен ойнайды

Бүгін хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы турнирдегі төртінші кездесуін алаң иелері Польша құрамасына қарсы өткізеді. Ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде Астана уақытымен 23:50-де көрсетеді.

Айта кетейік, кеше Қазақстан Ұлттық құрамасы Жапония хоккейшілерін 7:2 есебімен ұтып, турнирдегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ал осыған дейін Қазақстан Ұлттық құрамасы Украина хоккейшілерін 5:2 есебімен ұтса, Венгрия құрамасын 5:0 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан хоккейшілері 9 ұпаймен өз тобында бірінші орында тұр.

Қазақстан Ұлттық құрамасының барлық ойынын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. Ертең Қазақстан Ұлттық құрамасының турнирдегі соңғы ойынын Италия хоккейшілерімен өткізеді. Матчты тікелей эфирде 20:20-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу