Елдос Жақсынов қазақы нақыштағы белдіктер жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдос Жақсынов қазақы нақыштағы белдіктер жасайды

23.04.2015
Елдос Жақсынов қазақы нақыштағы белдіктер жасайды

«Әке көрген оқ жонар», демекші бала кезінен әкесінің шеберханасынан шықпайтын Елдос Жақсынов бүгінде үйренгенін пайдасына жаратып жүр. Темірден түйін түйген шебер түрлі әшекей бұйымдармен қатар, қазақы нақыштағы белдіктерді де жасайды.

«Бала кезімде темірден, түрлі болттардан жолдастарыма сақина  жасауды ермек қылдым. Кейін Еркін Әбілов деген шеберден тәлім алдым»,-дейді қолөнерші.

Астанаға қоныс аударғандарына көп бола қоймаса да, жасаған заттарын сатып алушылардың қатары көп.  Шебердің айтуынша, бір бұйымды жасау үшін бір апта, ал, күрделілеріне бір айдан аса уақыт кетеді.

Елдос Жақсынов бүгінде әшекей бұйымдарын ғана емес, ағаш, былғарыдан да түрлі заттар жасайды. Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу