Соғыс ардагері Бекбосын Еспайұлы 1922 жылы 18 қазанда Алматы облысының қазіргі Қарасай ауданының Елтай ауылында дүниеге келген. Жеті сыныптық білім алғаннан кейін Алматыдағы орыс-қазақ педучилищесіне оқуға түсіп, оны 1941 жылы бастауыш сынып оқытушысы мамандығы бойынша бітіріп шығады.
Сол жылы желтоқсан айында әскер қатарына шақырылып, Алматыда жасақталып жатқан 100-ші дербес атқыштар бригадасының байланыс батальонына телефонист қызметіне тағайындалады.
Бекбосын ата Мәскеу түбін, Калинин, Ржев, Молодой Тут, Новосокольники, Великие Луки, Невель қалалары мен көптеген елді мекендерді, Батыс Украина мен Батыс Беларусь аумақтарын,оның ішінде Брест қаласын жаудан азат етуге қатысқан.
Соғыс аяқталғанша майданда болып, Германияға дейін жетеді. «Соғысты біздің дивизия 3 мамыр күні аяқтады. Содан жан-жаққа телефонмен, радиомен хабарладық»,-дейді ардагер.
Он екі рет Бас қолбасшының алғысын алған ардагер туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.