Алматыда президенттік сайлауды қолдауға арналған веложарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда президенттік сайлауды қолдауға арналған веложарыс өтті

21.04.2015
Алматыда президенттік сайлауды қолдауға арналған веложарыс өтті

Бәсеке әл-Фараби, Сайын, Райымбек даңғылы және шығыс айналма жолы арқылы өтіп, жалпы ұзындығы 65 шақырымды құрады. Жарысқа велоклуб мүшелері - команда капитаны Андрей Линник бастаған 60 велошабандоз қатысты. 

Айта кетелік, команда құрамына кәсіпқой спортшылардан басқа әуесқой велосипедшілер, белгілі кәсіпкерлер, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, шенеуніктер және қарапайым қала тұрғындары кірді. Оларды ішінде Райымбек Баталов, Зейнолла Кәкімжанов, Валихан Тен, Нұрлан Смағұлов, Серік Тұрдалиев, Болат Өмірәлиевтер бар.

Веложарыс Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.  

 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу