Бейнелеу өнерінің бір түрі – мүсіндеменің ерекшелігі, көп жағдайда жасау техникасы мен пайдаланылатын материалдарына байланысты болып келеді. Біздің елде өнердің осы түрі кең қанат жаюда.
Алайда, өнер туындысын шығару оңай шаруа емес. Мүсіншілердің айтуынша, мүсіннің өлшемі мен қаңқасы алдын ала дайындалады. Көбіне мамандар жұмысының басым бөлігін тас, саз балшық, гипс және ағаштан жасайды. Шебер мүсіндер мүсіншінің дара қолтаңбасын көрсетеді. Бірақ, оған үлкен еңбек пен дарын қажет.Конец формы
Еліміздің әр қаласында тарихи тұлғалардың тастан, қоладан, темірден құйылған мүсіндері тұр. Тас мүсіндердің ішінде мүсіншілердің жүрегі соғып тұрғанын, сол тас мүсіндердің әр сантиметріне қажалған алақан, қажыған жүйкенің кеткенін сеземіз бе?
Есімі сол мүсіндермен бірге жасайтын тасқа да жан бітірген тағдыр иелерінің еңбегі еленіп жүр ме? Бүгін 21:05-те «Айтуға оңайдан» көріңіз.