Бензин бағасы арзандап келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бензин бағасы арзандап келеді

11.12.2015
Бензин бағасы  арзандап келеді
Бензин бағасы  арзандап келеді

Осы аптада Қазақстан нарығында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы арзандады. Көптеген жанар-жағармай құю стансаларында қазір бұл бензиннің 3 теңгеге арзандағанын көруге болады.

Біраз бұрын бензиннің бұл түрінің әр литріне 128 төлеп келген көлік иелері, енді 125 теңге төлеп жүр. Еліміздегі аса ірі жанар-жағармай опертароларының бірінің ресми өкілі бағаның түсуі бәсекелестікке байланысты болғанын атап өткен. Ал, мұнай-газ секторының сарапшысы Сергей Смирнов бағаның төмендеуіне Ресей рубліні құнының түсуі әсер еткенін айтады. Оның ойныша мұнай бағасының төмендеуі де бензин құнына ықпал етсе керек.

Естеріңізге салар болсақ, Үкімет 2015 жылдың 4 қыркүйегінен бастап елімізде АИ-92 маркалы бензин бағасын реттеуді доғарған еді. Нәтижесінде осы бенизиннің бағасы әр литріне 128 теңге шамасында тұрақтаған. Қазір, Астанадағы көптеген жанар-жағармай құю стансаларында баға 125 теңге болып тұр.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу