23-24 сәуір күндері Алматыдағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының ғимаратында өкпенің қатерлі ісігі проблемалары бойынша халықаралық конференция өтеді.
Аталмыш конференцияның мақсаты - өкпенің қатерлі ісігіне байланысты жағдайды жақсарту мәселесін шешудің жолдары, өміршеңдікті арттыру және басқа да өзекті сұрақтарды талқылау мен тәжірибе алмасу.
Конференция аясында өкпенің қатерлі ісігінің алдын-алу, оны хирургиялық жағынан емдеудегі инновациялық тәсілдері, интраоперациялық радиологияны қоса алғанда таргетті және радиациялық терапияның жаңа мүмкіндіктері, сондай-ақ, сауықтырудың қолданбалы сұрақтары мен паллиативті көмек көрсету жолдары қарастырылады.
Шараға Франция, Италия, Түркия, Израиль, Ресей және Өзбекстанның атақты мамандары өкпе рагының өзекті тақырыптары бойынша лекциялар оқып, қазақстандық онколог-дәрігерлерге апталық шеберлік сыныбын өткізеді.