Екінші деңгейлі банктердің несие қоржыны 10 триллион теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екінші деңгейлі банктердің несие қоржыны 10 триллион теңгеден асты

19.04.2015
Екінші деңгейлі банктердің несие қоржыны 10 триллион теңгеден асты

Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің жұмыс істейтін несие қоржыны 10 триллион теңгеден артық. Бір жыл ішінде таза несие көлемі 16 пайызға (1,36 триллион теңге) ұлғайған.

ҚР ЕДБ қарыз қоржындарының абсолюттік өсімі бойынша рэнкингі (2015 жылдың ақпан айы бойынша):  

Ақпан айында жұмыс істейтін несие нарығы нөлдік өсімді көрсетті. Шағын өсім көрсеткіші - 744 миллион теңге. Екінші деңгейлі банк секторындағы 35 банктің тек 17-і ғана таза несие көлемін ұлғайтты. 

Абсолюттік өсім бойынша Қазақстан Халық банкі несие қоржынын 41 миллиард теңгеге дейін ұлғайтып, 1,53 триллион теңгеге жеткізді.

Бұл -  нарықтағы жалпы несиелер көлемінің 15 пайызын құрайды. Банк проблемалық қарызды тұрақты түрде есептен шығару арқылы нақты жұмыс істейтін несиелер көлемін 83,3 пайызға арттырды (2014 жылдың ақпан айындағы көрсеткіші -  79,3 пайыз).

Екінші орында - «RBK» банкі. 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында банктің жұмыс істейтін несиелер көлемі 20 миллиардтан 378 миллиард теңгеге дейін жетті. Нарықтағы несиелер көлемі бойынша банк үлесі - 3,7 пайыз.

Абсолюттік өсім бойынша үшінші көрсеткіш «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» тиесілі. Банк бір ай ішінде несие қоржынын 15 миллиардтан 237 миллиард теңгеге дейін (97,3 пайыз) ұлғайтты.   Бұл - нарықтағы жоғары көрсеткіштердің бірі, дейді ranking.kz сайты.

 

Хабарламаларға жазылу