Стамбулдағы Мимар Синан көркем өнер университеті және Түркі әлемі муниципалитеттері қауымдастығы (ТДББ) қазақтың тұңғыш тарихшысы Ермұхан Бекмаханұлының 100 жылдығына орай «Кеңестік тарихнама және Қазақстан тарихының мәселелері» атты халықаралық симпозиум ұйымдастырды, деп хабарлайды TRT.
Жиында тарих ғылымының докторы атағын Қазақстанда тұңғыш алған тарихшы ретінде дараланатын Ермұхан Бекмаханұлының өмірі мен еңбектері және Кеңес Одағы тарихындағы орны кеңінен қарастырылды.
Сондай-ақ, «Кеңестік идеологияға қарсы зиялы өкілдердің қарсыластығы: Қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханұлы жəне оның күресі», «Ермұхан Бекмаханұлының қудалануы: дерек жəне дəйек», «Қазақстанда кеңестік тарихи көзқарастан ұлттық тарихи көзқарасқа өту үдерісінде Ермұхан Бекмаханұлының рөлі» сынды ғылыми баяндамалар оқылды.