Әлеуметтік тақырыптағы қысқаметражды деректі фильмдерге байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік тақырыптағы қысқаметражды деректі фильмдерге байқау жарияланды

18.04.2015
Әлеуметтік тақырыптағы қысқаметражды деректі фильмдерге байқау жарияланды

Бұл фестивальге әлеуметтік тақырыпқа және қайырымдылыққа арналған қысқаметражды деректі фильмдердің авторлары қатыса алады.

Байқауды ұйымдастырушы «Милосердие.DOC» деректі фильмдерге арналған ашық фестивалі ресейлік Милосердие.ру қайырымдылық порталының жобасы.

Фестиваль аясындағы байқауға 2012 жылдың 1 наурызынан кейін шыққан қысқаметражды деректі фильм (ұзақтығы 13 минут) және әлеуметтік жарнамалық роликтер (ұзақтығы 2 минут) қатыса алады.

Байқау жұмыстарының арасында ауру және оны еңсеру, балалық шақ, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар және әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балалар және тағы басқа тақырыптар қамтылады.

Өтініштер 25 мамырға дейін қабылданады. 

Хабарламаларға жазылу