«PBS MediaShift» Миссури университеті жанындағы Дональд Рейнолдс атындағы Журналистика институы және онлайн-конференциялар өткізуге арналған BigMarker платформасымен бірлесіп «DigitalEd» онлайн-тренингтер сериясын бастады.
Қатысушылар әр апта сайын тікелей эфирдегі бір сағаттық онлайн-тренингтерден сандық журналистика саласындағы тәжірибелік білімдерін жетілдіре алады.
22 сәуір (Астана уақытымен 23.00-де) Миссури университеті журналистика мектебінің профессоры Джой Майер «Сіздің маңызды контентке ықпалыңыз» тақырыбы бойынша курс өткізеді.
Қатысушылар 29 сәуірде (Астана уақытымен 23.00-де) Миссури журналистика мектебінің оқытушысы Джадд Сливканың «Оқиға орнында «мобильді ниндзя» болудың жолдары» тақырыбындағы семинарына қатыса алады.
Әрбір тренингке қатысу құны - 39 АҚШ доллары. Тіркелу жалғасуда.