«Бұлбұл», «Гәкку», «Гауһартас» әндерін ерекше құбылжытып орындап, қазақтың «бұлбұлы» атанған Қазақ ССР-нің Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Ахметқызы Төлегенова - «Сенбілік кездесу» хабарында.
Семейдегі ет комбинатында жұмыс істей жүріп, ән салған жас талант иесінің үлкен сахнаға жолдамасы, өмір жолында кездескен қуаныштар мен өкініштер, «әттеген-ай», деген сәттер мен биік самғаулар, белестер...
«Халық жауының қызы» деп жала жабылған Бибігүл Төлегенованың жақындары мен туыстары студияға келіп, көрермендер біле бермейтін сырларымен бөліседі. Халық әртісінің алғашқы ұстаздары, тәлімгерлері, жолын қуған шәкірттері, қыздары мен сүйікті немерелері, өзіне ғана тән бір ғана шаш үлгісі туралы осы хабардан біле аласыздар.
Алпыс жыл киелі сахнада жүрсе де, ән айтудан жалықпаған Бибігүл Төлегенова турасындағы үзік сыр – «Сенбілік кездесуде». 18 сәуір күні Ұлттық арнадан сағат 21.00-де көре аласыздар.