Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен «Мен алғаш рет дауыс беремін!» атты жастар форумы өтті, деп хабарлайды ТарМПИ Баспасөз қызметі.
Институтта барлығы 6 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың 1350-і биыл алғаш рет сайлауға қатысып, таңдау жасайды.
Тараздық студенттер қазақстандықтарды еліміздегі маңызды шаралардан тыс қалмауға және өздерінің азаматтық көзқарастарын білдіруге үндеді.