Олимпиада ойындарының 18 дүркін чемпионы Майкл Фелпс Меса (АҚШ) қаласында өткен 100 метрлік қашықтықтағы баттерфляй әдісімен жүзуде бірінші келді. Ол мәреге 52,38 секундта жетіп, Райан Лохте (53,11) мен Том Шилдстен (53,18) басым түскен.
«Мен өзіме әрқашан сыни көзқараста қараймын. Барлығы жақсы, дегенмен өзгертетін нәрселер де бар шығар. Бұл мен үшін жақсы бастама. Мен бассейнге қайта оралғаныма қуаныштымын», дейді М.Фелпс.
Айта кетейік, Майкл Фелпс көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 2014 жылдың 6 қазанында АҚШ-тың жүзу федерациясының шешімімен жарты жылға жарыстардан шететілген еді. Сонымен қатар, спортшы мен федерация келісімі бойынша Майкл Фелпс 2015 жылы Қазанда өтетін су спорты түрлері бойынша Әлем чемпионатына қатыспайды.