Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Франциядағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Франциядағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті

17.04.2015
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Франциядағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті

Халықаралық Түркі академиясы Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия және Түркіменстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдіктерімен бірлесіп Францияда «Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі» атты халықаралық шара өткізді.

Мәдени шара ЮНЕСКО-ның 70 жылдық мерейтойы аясында «Қорқыт ата кітабының» жарияланғанына 200 жыл толуына арналды.  

Жиынға еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.

Шара барысында көпшілікке Түркі академиясы шығарған Қорқыт күйлерінің аудиодискісі мен «Қорқыт. Адамзаттың ортақ қазынасы» атты жинақ тарту етілді.

Сондай-ақ, сапар аясында Мемлекеттік хатшы Мұстафа Шоқайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатына қатысты. 

Шара Париж маңындағы Ножан-сюр-Марн қаласында өтті. Мұстафа Шоқайдың монументі ол тұрған үйдің жанына орнатылған. 

Жиын соңында Гүлшара Әбдіқалықова Франциядағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесіп, сұхбаттасты.

 

Хабарламаларға жазылу