«Толассыз жауған жауын салдарынан Алматы облысының таулы аймақтарындағы төменгі өзендерінде 16 сәуірде су тасқыны болады деп күтілуде, төменгі учаскелерді су басу қаупі бар», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 16-17 сәуір аралығында ел өңірлеріндегі таулы аймақтарда қар көшкіні болуы мүмкін.
«Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында қар көшкіні болу қаупі бар екенін естеріңізге саламыз. Осыған байланысты тұрғындар қар көшкіні қаупін тудырмау үшін қар басқан тау баурайларына шықпағандары жөн», - дейді ҚР ІІМ ТЖ комитеті.