Әлемді мойындатқан музыка зерттеушілерінің өзі «Роза қай тілде орындаса да, тілмашты қажет етпей-ақ, музыканың құпиясын аша білетін», деп әншіге жоғары баға берді. Жетімдіктің тауқыметін көп көрген Роза Жаманова қайтпас қайсар болып өсті. Балалар үйінде өтетін шаралардың барлығы әнші қыздың әуелеген әнімен басталатын.
Розаның музыкаға деген қабілетін байқаған тәрбиешілер оған өнер жолын таңдауға кеңес береді. Осылайша, ол мектепті бітірген соң Орал қаласындағы музыкалық училищеге қабылданады. Биязы қыздың ерекше дарынын байқаған ұстаздары да оған қолдау көрсетті. Міне, осы кезден бастап Розаның өнердегі жолы ашылды.
Роза Жаманова театрда қызмет атқарып жүргенде Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсындағы Ақжүніс партиясын, Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сарасында» бас партияны орындағанда, бәрі таңырқай қарады. Кейін Канада, Үндістан, Италия мен Швеция елдерінде қазақ музыка өнерін паш етті.
Күллі әлем Роза Жаманованы «ғасырда бір рет туатын әнші», десті. Оның ән орындау мәдениетінің өзі сомдаған бейнелерді жете сезіне алуында.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.