Соғыс кезінде іс-түзсіз жоғалып кеткендерді іздестіру нәтижесі қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соғыс кезінде іс-түзсіз жоғалып кеткендерді іздестіру нәтижесі қандай?

15.04.2015
Соғыс кезінде іс-түзсіз жоғалып кеткендерді іздестіру нәтижесі қандай?

Сұрапыл соғыстың сұм жолдарын өткеріп, қан майданда от кешкен қаһармандардың барлығы бірдей елге оралмағаны мәлім. Бірі мүгедек болып қайтса, енді бірінен қара қағаз келді, ал, басқалары із-түзсіз кетті.

II Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жыл болса да, қан майданда ерлікпен қаза тауып, әлі күнге дейін қайда жерленгенін ұрпағы біле алмай жүрген боздақтар қаншама?!

Соғыста із-түзсіз кеткендерді іздестіру шаралары жыл сайын жалғасып келеді.  Хабарсыз кеткендердің аты-жөні жазылған «Боздақтар», «Арманда кеткен боздақтар»  атты еске алу кітаптары жарыққа шықты.  Сыртқы істер министрлігінің де атқарған шаруалары бірталай.

Қан майданда қыршын кеткен жауынгерлердің өмірі туралы әрбір ақпарат маңызды. Оларды іздестіру жұмыстары әлі де жалғаса береді.  Соғыс кезінде хабарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі қандай? Бүгін 19.10-да «Журналистік зерттеуді» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу