«Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі Мәскеудегі «Баспасөз – 2014» Халықаралық VII конкурсының номинанты атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі Мәскеудегі «Баспасөз – 2014» Халықаралық VII конкурсының номинанты атанды

14.04.2015
«Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі Мәскеудегі «Баспасөз – 2014» Халықаралық VII конкурсының номинанты атанды

16 сәуір күні Ресей астанасы Мәскеу қаласында «Баспасөз – 2014» Халықаралық VII конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтеді.  PR-мамандарына, баспасөз хатшыларына, баспасөз қызметінің басшылары мен қызметкерлеріне арналған «Баспасөз қызметі» жалпыресейлік мамандандырылған журналы ұйымдастырған осы конкурсқа «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы алғаш рет қатыспақшы.

«Баспасөз» журналының бас редакторы, «Жылдың баспасөзі» халықаралық PR-конкурсының әділ-қазылар төрағасы Тимур Асланов ресми хатында: «Жыл  баспасөзі» халықаралық конкурсына келіп түскен «Қазақстан» РТРК» АҚ өтінімін қарастыру қорытындысы бойынша, қазылар алқасы «Қазақстан» РТРК» АҚ-қа «Баспасөз» журналының таңдауы аталымын беру туралы шешім қабылдады.

Бұл аталым конкурс ұйымдастырушысы, «Баспасөз» жалпыресейлік журналы редакциясының ұйғарымы бойынша ең қызықты деп танылған жұмыстарды арнайы дипломмен және кубокпен марапаттайды», - деп жазады.

Дәстүрлі  конференцияға бүкіл Ресейден және жақын шетелден қоғаммен байланыс бойынша 300-ден астам маман қатысады деп күтілуде. PR мамандарының жұмысына арналған өзекті тақырыптар бойынша 30-дан астам сарапшы дәріс оқып, шеберлік сыныбын өткізбекші.

Хабарламаларға жазылу