Шымкентте бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

14.04.2015
Шымкентте бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

82 қыз басты жүлделер үшін таласады. Турнирге Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарынан – 9, Астана қаласынан - 8, Алматы облысынан - 7, Қостанай және Маңғыстау облысынан - 5, Ақмола облысы - 4, Ақтөбе, Атырау, Павлодар және ШҚО - 3, Қызылорда облысы мен Солтүстік Қазақстан - 3, ал, Батыс Қазақстан тек бір боксшы қыз қатысуда.

Чемпионатқа танымал спортшылар қатысып отыр. Солардың ішінде Әлем чемпионы Назым Қызайбай, Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Ләззат Күнгейбаева, Азия чемпионы Жайна Шекербаева, Қазақстан чемпиондары Гүлжан Үббиниязова және Зарина Цолоева.  

Жарыстың жартылай финалы 17 сәуір, ал, ақтық кезең 18 сәуірде өтеді.

Хабарламаларға жазылу