«Астана» Ұлттық сурет галереясында инклюзивті білім беруге арналған фотокөрме өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» Ұлттық сурет галереясында инклюзивті білім беруге арналған фотокөрме өтеді

14.04.2015
«Астана» Ұлттық сурет галереясында инклюзивті білім беруге арналған фотокөрме өтеді

15 сәуір күні, сағат 17.00-де «Астана» Ұлттық сурет галереясы және «Ашық Әлем» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстандағы ерекше білім қажеттілігін талап ететін балаларға инклюзивті білім беруді дамытуға арналған қайырымдылық шаралары өтеді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ, қалалық Білім басқармасының қолдауымен өтетін шаралар аясында «Бәрімен бірге болғым келеді!» атты фотокөрме ұйымдастырылмақ.   

Мақсат -  қоғам назарын инклюзивті білім беру мәселелеріне аудару.  

Көрмеге аутизм дертіне шалдыққан балаларды өз жұмыстарында көрсеткен жас фотограф Артур Ыдырысовтың туындылары қойылады. 

Сондай-ақ, шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналары қатысады.  

Көрме 22 сәуірге дейін жалғасады. 

Хабарламаларға жазылу