Бүгінде Анджелина Джоли мен Брэд Питт Лос-Анжелес қаласында тұрады. Олар Мэддокс (13 жаста), Пакс (11 жаста), Захара (10 жаста), Шила (8 жаста) және егіздер Вивьен мен Ноксты (6 жаста) тәрбиелеп отыр. Енді ерлі-зайыптылар сириялық кішкентай қызды асырап алмақ.
Popcornnews порталының хабарлауынша, бала асырап алу бойынша құжаттарды дайындау жұмыстары басталып кеткен.
Айта кетейік, Анжелина Джоли Сирияда БҰҰ өкілі ретінде 6 рет болған.
«Сириялық балалармен кездесу ұмытылмастай болды. Оларды балалық шағынан айырған», - дейді Джоли 2014 жылы берген сұхбаттарының бірінде.