Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің шамдары «Мыңжылдықтар жарығы» көрмесіне қойылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің шамдары «Мыңжылдықтар жарығы» көрмесіне қойылған

11.04.2015
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің шамдары «Мыңжылдықтар жарығы» көрмесіне қойылған

Лувр және Эрмитажда XV ғасырда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне арнап жасалған екі қола шам сақталуда. Қазақстанда дәл осындай шамдардың төртеуі қалды.

Қазіргі таңда оларды Тұңғыш Президент музейінде өтіп жатқан «Мыңжылдықтар жарығы» көрмесінен тамашалауға болады, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

Адам бойынан асатын шамдар араб жазуларымен безендірілген. Бұл жазбалар шамдарды Әмір Темірдің бұйрығымен Исфахандық шебер жасағанын баяндайды.

Барлық әскери қақтығыста Ақсақ Темір тұтқынға қолөнершілерді алуды бұйырғаны туралы баршаға мәлім. Ирандық шебердің қолынан шыққан шамдар - нағыз өнер туындылары.

Олардың салмағы өте ауыр. Бір шамды бірнеше ер адамның көмегімен ғана орнынан ауыстыруға болады.

Қызығы – бұл шамдардың басына май құйып, білтесін тұтандырса, оларды қазіргі таңда да қолдануға болады.

 

strategy2050.kz

Сурет: azretsultan.kz

Хабарламаларға жазылу