Әнші Ибрагим Ескендір орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін кәрі-жастың бәрі біледі.
Себебі, ол – сағымды сағынышқа толы, жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән. Атамекенге деген ыстық сағыныш пен бойдағы елжандылықтан туған әннің сөзін жазған ақын Алмас Ахметбекұлы.
Алмас Ахметбекұлы – 1961 жылы ҚХР, Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 1982 Іле педагогикалық институтының Филология факультетін тәмамдаған. 1982-1992 жылдар аралығында Шәуешек қаласында шығарылатын «Тарбағатай» әдеби журналының редакторы болып қызмет атқарып, 1993 жылы тарихи Отанына оралды.
1993-1995 жылдары «Жас Алаш» газетінде тілші, 1996-2006 жылдары әл-Фараби атындағы ҚҰУ журналистика факультетінде аға-оқытушы болып қызмет атқарған.
1997 жылы ҚР Парламент Мәжілісінде баспасөз қызметкері болып жұмыс істеген.
Алмас Ахметбекұлы әдеби шығармаларының негізін Қазақстан патриотизміне арнайды. ҚР Мәдениет қайраткері.