Алматыда жазушы Халидэ Эдип Адыварды еске алу мақсатында халықаралық конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жазушы Халидэ Эдип Адыварды еске алу мақсатында халықаралық конференция өтеді

10.04.2015
Алматыда жазушы Халидэ Эдип Адыварды еске алу мақсатында халықаралық конференция өтеді
11 сәуірде Алматыда 1884-1964 жылдары өмір сүрген жазушы, академик,  ағартушы Халидэ Эдип Адыварды еске алу мақсатында халықаралық конференция өтеді.  
 
Конференцияның мақсаты – бауырлас Қазақ елін Х.Э. Адывардың шығармашылығы, болмысымен таныстыру. 
Конференцияны ұйымдастырушылар - Юнус Эмре атындағы институттың Түрік мәдени орталығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.
 
Шараға профессор Юнус Балджы, профессор Назгүл Шыңғысова, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Маралтай Ыбраев, Доцент Халил Адыяман, Доцент Ораз Шапашев қатысып, баяндама жасайды. 
Романдарымен түрік әдебиетінде ерекше орын алатын Халиде Эдип Адывар, оқырмандардың назарын тұлғасының санқырлылығымен аударып әкетеді. Жазушы Халидэ Эдип түрік тілінен бөлек, өзге тілдерде жазған шығармаларымен халықаралық деңгейде құрметке ие болған.  

Хабарламаларға жазылу