1941 жылы басталған соғыс салмағы майданға аттанған азаматтар мен олардың отбасына ғана түскен жоқ, өндіріс пен ауыл шаруашылығы, өзге де салалық кәсіпорындар майданға қызмет етуге жұмылдырылды.
Соғыс жылдары Кеңес әскері әскери қару-жарақ пен әскери техниканың барлық түрімен жарақтанған-ды. Алайда, техникамен бірге онда елдегі жылқы зауыттары мен ауыл-аудандары жіберіп отырған жүздеген жылқылар да пайдаланылды.
Жылқы әскердің барлық түрінде сенімді жүк көлігі болды. Сықырлаған аяз бен борандарда, көктемгі және күзгі лайсаңда, орманды-батпақты және таулы аймақтарда, басқа да көлік өте алмайтын жерлерде жылқы жануары әскерді жаяу қалдырмады. Жүздеген мың тонна жүк те әскердің алдыңғы шебіне осы аттармен жеткізілді.
Майданға жіберілген жылқылар қандай жұмыстарға жегілді? Араларында ерекшелігімен көзге түсіп, мадақ-марапатқа ие болғандары бар ма? Соғыста нешеуі оққа ұшып, нешеуі аман-сау қалды. Одан кейінгі тағдырлары нешік?
Бүгін 22.45-те «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан көріңіз.