«Жас Отанның» жаңа Жарғысы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас Отанның» жаңа Жарғысы қабылданды

09.04.2015
«Жас Отанның» жаңа Жарғысы қабылданды

Астанада өтіп жатқан «Жас Отан» жастар қанатының кезектен тыс III cъезінде  ұйым Жарғысына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар қабылданды.

Жарғының жаңа редакциясы 14 тараудан, 88 баптан, 78 тармақтан тұрады.

Жастар қанатының аймақтық филиалдарының ұсыныстарын есепке ала отырып, әзірленген өзгертулер мен толықтырулар жобасы «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесінің отырысында мақұлданды.

Саяси партиялар жанындағы жастар қанатының халықаралық және отандық тәжірибелерінің құрылымдарын негізге ала отырып, ұйым басшысының лауазымы «Төраға» деп өзгертілді. Сондай-ақ, атқарушы органның атауы  «Хатшылық» деп өзгертілді.

«Жастар қанаты серпінді дамып жатқан ұйым ретінде біз өз қызметімізді қайта жүктедік. Бүгінгі таңда, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты қайта жаңартуды қажетсінуде. 

Жастардың ең қуатты қозғауышы ретінде біз жаңа стандарттарға сәйкес келуіміз қажет»,- деді «Жас Отан» ЖҚ Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Жетпісбаев.

 

zhasotan.kz

Хабарламаларға жазылу