ІІІ съезде ұйымның әрі қарайғы іс-қимылы үшін идеологиялық бағдар болатын бағдарлама қабылданады. Сондай-ақ, ол «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жолында табысқа қол жеткізуге бағытталған. Құжат негізінде «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында көрсетілген құндылықтар жатыр.
Бұрын-соңды бағдарлама жобасы ел бойынша жастар арасында белсенді талқыланған еді. Талқылаулар «Еркін пікір» пікірталас клубы отырысының шеңберінде өңірлік конференцияларда, «Жас Отан» ЖҚ-ның 1700 бастауыш бөлімдерінде өтті.
Съезд жұмысына елдің барлық өңірінен 2000 адам қатысуда. Олар - «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, жастар ұйымдарының мүшелері, шығармашыл жастар, жас ғалымдар, спортшылар, мәслихат депутаттары, жұмысшылар мен ауыл жастары.
nurotan.kz