Ағымдағы жылы 11-сәуір күні сағат 9.00-ден бастап «Астана» мұз сарайының алаңында өтетін «Қазақстанда жасалған - Павлодарда жасалған» халық тұтынатын тауарлар жәрмеңкесіне облыстың 100-ден астам кәсіпорны қатысады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ернұр Әйткенов мәлім етті.
«Аймақ тауар өндірушілерінің қатысуымен ұйымдастырылатын көрмеде Павлодар өңірінде шығарылатын өнімнің 27 түрі ұсынылады. Жәрмекеге жеткізілген тауар құны нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен болмақ. Бұл жергілікті тауар сапасы мен бағасының көрші және шетелде жеткізілетін өнімдерден еш кем түспейтінін көрсетуге мүмкіндік береді», - деді Е. Айткенов.
Облыстық Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Александр Бабенконың айтуынша, бұл күні «Павлодарда жасалған» логотипі бар, бірдей безендірілген 30 сауда орны жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, өңірдің 35 кәсіпорны туристік және өндірістік бағытта пайдаланылатын түрлі өнімдерін халыққа ұсынбақ.