Астанадағы «Керуен» сауда орталығында денсаулық күніне орай акция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Керуен» сауда орталығында денсаулық күніне орай акция өтеді

07.04.2015
Астанадағы «Керуен» сауда орталығында денсаулық күніне орай акция өтеді

Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық күні. Осыған орай Астана қаласы бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бөлім басшысы,  «Арман қала» жастар денсаулық орталығының басшысы Қанат Хамзин бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Атаулы күнге орай бүгін Астана қаласы бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы баспасөз мәслихатын өткізеді. Сондай-ақ, «Керуен» сауда орталығында акция өтеді. Онда флешмоб, түрлі фитнес сайыстар ұйымдастырылмақ»,-дейді Қанат Хамзин.

«Мұндай орталық еліміздің барлық облысында бар. Біздің мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау екені белгілі. Бүгінгі Денсаулық күні «Мен салауатты өмір салтын ұстанамын!» ұранымен өтіп жатыр. Халыққа айтарымыз – спортпен шұғылдану, таза ауада демалу, тиімді тамақтану, өзіндік және қоғамдық гигиенаны сақтауды қалыптастыру керек».

«Кейбір адамдар спорт кешендерінің қызметі қымбат, деп сылтау айтады. Егер арнайы спорттық орындарға баруға жағдайыңыз келмесе, күнде таңертең 15 минутты жаттығуға бөліп, жұмысқа 1-2 аялдама жаяу келсеңіз – соның өзі салауатты өмір салтына келіп тіреледі».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу