«Менің мінсіз келбетім...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің мінсіз келбетім...»

06.04.2015
«Менің мінсіз келбетім...»

Әдемі болып көріну — өнер. Өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан жағымды әсер қалдыру үшін әдемі болып жүру маңызды. Әдемі болу өнерін үйрену қиын емес. Тек жалқаулыққа жол бермеген жөн.  Жас пен дәрежеге, материалдық және психологиялық жағдайларға қарамастан, әйел әдемі болып жүруі тиіс.

Шаштың түсі мен ұзындығы, қас пен кірпіктің қалыпты жағдайда болуы, киім киюдегі стиль — кез-келген бойжеткен мен келіншектің айнасы. Ал, жалпы әдемілік немен өлшенеді? Жас келген соң, бет пен қолға әжім түспес үшін қандай күтім қажет?

Жасару операциясы мен түрлі косметикалық процедураларды жасауға бел буған келіншекке күйеуі кедергі. Әрдайым әдемі болуды армандайтын әйелге көрермен қандай кеңес береді? Бүгін 15.05-те «Әйел бақытынан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу