Сәли Төлемісов майдан даласына 1942 жылы аттанған. Орынборда арнайы әскери дайындықтан өткен соң, Сталинград түбіндегі кескілескен шайқастарға қатысады.
Зұлмат соғыс кезінде бірнеше рет жараланса да, қасарысқан қас жауға қарсы тұрып, Жеңіске қол жеткенше барын салған жан. Қарт майдангер мұндай қасіреттің енді ешқашан қайталанбауын тілейді.
«Айналамыз көк түтін. Бір кезде бомба тасталды. Жанымыздағы бірнеше адам қаза тапты. Мен Мәскеудің емханасында 20 күн жаттым. Одан кейін қолымнан жараланып, тағы үш ай емделдім»,-деп еске алады ардагер.
Майдангер соғыстан оралған соң, ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек еткен. Екі ұл, алты қыз бала тәрбиелеп, бүгінде 60-тан астам немере, шөбере сүйіп отыр.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.