«Махаббат-дастан» концертін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Махаббат-дастан» концертін көріңіз

05.04.2015
«Махаббат-дастан» концертін көріңіз

Адамның рухын көтеретін де, көңілін құлазытатын да, жайнатып, жадырататын да – ән. Бірінші кезекте әуен болғанмен де, сөз құдіретінсіз әннің бағы жануы тағы  екіталай. Екеуі бір жерден үйлесім тапқаннан кейін ғана ол жүректерге жол тартады.

Ал, махаббатқа арналған әндер – ұйықтап жатқан жүректі оятады, жүрек қылын тербеп, адамға түрлі ой салады. «Махаббат-дастан» концертіндегі сырлы әндер де тек осы тақырыпқа бағытталған.

Алтынай Жорабаева, Айгүл Қосанова, Тамара Асар, Майра Ілиясова, Клара Төленбаева , Гүлнұр Оразымбетова,  Нұрғали Тұрлыбеков, Нұрбол Балапанов, Майра Нүркенова, Еділ Құсайынов, Естай Мұқашев және басқалардың өнерін бүгін 16.50-де Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу