Олардың айтуынша, фестиваль күндері бес үлкен және бір кішігірім киіз үй орнатылады. Содан кейін, шебер домбырашылардың қатысуымен күй тартудан концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Ал, келушілер қазақтың әр түрлі ұлттық ойындарына қатысады.
Бірінші күні фестивальде киіз үй құру әдістері көрсетіледі. Сондай-ақ, киіз басу, кесте тігу және басқа да ұлттық кәсіптер бойынша қолөнершілердің шеберлік сыныптары өтпек. Онда көзге түскендерге бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Екінші күні Орталық Азия елдерінің қолөнер бұйымдары бойынша көрме болады.
Аталмыш мәдени шара «Қазақтың дәстүрлі күй орындау өнері» мен «Қазақ пен қырғыз халықтарының киіз үй дайындау және құру өнерінің» ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізіміне ену құрметіне орай ұйымдастырылуда.