XX ғасырдың 50-ші жылдарының басында шоқ жұлдыздай жарқырап елдің еркесіне айналған, қазақ өнерінің бұлбұлдары мен дүлдүлдері – Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Кәукен Кенжетаев, Шабал Бейсекова, Роза Жаманова, тағы басқа жас әншілер келді өнерге.
Міне, осы толқынның ішіндегі таланттылардың бірі – қазақ академиялық әншілік өнерінің вокал педагогикасының көшбасшысы, профессор, жезтаңдай әнші, соғыс ардагері Бекен Жылысбаев еді.
Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» хабарында қазақ өнер майталманының өмірі, өнері, шәкірттері және қазаққа жаттау болып келген вокал өнерінің қыр-сыры айтылады.