Бүгін - Балаларға арналған кітап күні. Осыған орай Шымкент қаласындағы Аркадий Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасының ұжымы арнайы шара ұйымдастырды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Кітапхананың кішкентай оқырмандары мерекелік шараға ерекше дайындалған. Балалардың бір тобы өлеңдерді жатқа оқыса, екінші топ қойылым ұсынды.
Айта кетейік, балалар кітапхасының қоры бүгінде 400 мың кітапқа таяған. Ұжымға жаңа электронды дыбысты еңбектер де жеткізілуде.
Мұндай құрал кітаптағы жазуды дыбыстайды. Әсіресе, бұл - зағип жандар мен оқуды енді үйреніп жүргендерге таптырмас құрал.
Балалар арасында үлкен сұранысқа ие болып отырған заманауи құрал әзірге мұнда 2 дана.