Майдандық қазақ газеттері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майдандық қазақ газеттері

01.04.2015
Майдандық қазақ газеттері

II Дүниежүзілік соғыс кезінде майдандағы қазақ жауынгерлеріне арналып шыққан әскери газеттердің ақпарат таратуда, ұйымдастыру іс-шараларын жүргізуде маңызы зор болды.

Қазақ тілінде барлығы 20-ға жуық газет жарық көрді. Онда  II Дүниежүзілік соғыстың барысы, елдегі хал-ахуал, қазақ жауынгерлерінің майдан даласындағы ерлік істері т.б. мәселелер көтерілді.

Май­дандық қазақ газеттерінің редакт­ор­ла­ры болып Қасым Шәріпов, Құрманбек Сағындықов сияқты журналистер тағайындалды. Сөйтіп, қазақ баспасөзінің сапына отты жылдардың шежіресі – майдан газеттері келіп қосылды.

Майдандық қазақ газеттері туралы бір топ қа­зақ жауынгерлері мен офицерлері былай деп жазады: «Майдандағы қазақ газеттері біздің мақтаныш сезімімізді бұрынғыдан да жоғары көтерді. Газеттер бізге қазір қызу жұмыс жүріп жатқан алыстағы туған өлкемізден, қаламыздан, ауылымыздан ха­бар әкеледі. Сондықтан да біздің сол­дат­тық жүрегімізге қазір әскери газеттердің әр­бір сөзі қымбат».

Бүгін 22.40-та «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан толығырақ біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу