ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің хабарлауынша, жаңа бағыттар «Нұрлы жол» бағдарламасына (көлік-логистиканың сәулелік принципі) сәйкес еліміздің көлік-логистикалық жүйесін жетілдіру аясында ашылуда. Бүгінде екі бағыт іске қосылды.
Айта кетейік, 29 наурызда «Air Astana» әуе компаниясы «Боинг-757» әуе кемесімен «Астана-Париж» бағытында өзінің алғашқы тікелей рейсін атқарды. Рейстер аптасына үш рет (сәрсенбі, жұма және жексенбі) қатынайды. Ұшу ұзақтығы – 7 сағат.
Сонымен қатар, 29 қазанда «Air Astana» әуе компаниясы күн сайынғы «Астана-Орал-Астана» авиамаршрутын ашты. Рейстер «Airbus-320» және «Embraer-190» типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады. «Астана-Орал» маршрутының алғашқы рейсінде 85 адам, ал Орал-Астана рейсінде 81 жолаушы болған.
Биыл жазда Астанадан Сеулге және Тбилисиге жаңадан халықаралық бағыттар ашу көзделген. Тасымалдаушы - «Air Astana» әуе компаниясы.