Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз ошағының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», деген сөздері есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн екенін білдіреді.
Жалпы, бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ұстаздың рөлі қандай?
Білім бар жерде алынбайтын қамал жоқ. Халыққа сапалы білім беріп, білікті маман даярлаудың бірден-бір жолы – елімізде дуальді оқыту жүйесін енгізу.
Дуальді оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, осы нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа заманауи технологияларды, жаңа инновациялық технологиялық бағдарламаларды меңгере алатын дайын кадрлар даярлау.
Бұл жүйенің бүгінгі нәтижесі туралы толығырақ 17.50-де «Өзекжарды» хабарының қонағы кәсіпкер, білім меценаты Бекзат Алтынбеков айтып береді.