Қазақстан мен Ресей жолдастық кездесуде тең түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей жолдастық кездесуде тең түсті

01.04.2015
Қазақстан мен Ресей жолдастық кездесуде тең түсті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Химки қаласында Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті.

Алғашқы 45 минутта екі команда да бір-бірлерінің қақпаларына қауіп төндіре алмады.

Екінші таймның басында қазақстандық футболшылар ширақ қимылдап, бірнеше шабуыл ұйымдастырды – нәтиже шықпады. Соңғы есеп – 0:0.

Ресей құрамасының бас бапкері бұл ойынға негізгі құрамның ойыншыларын шығармады, және ойын барысында алты футболшыны алмастырды.

«Астана»-ның жартылай қорғаушысы Георгий Жуков бұл кездесуде Қазақстан құрамасы үшін алғашқы рет ойнады.

Хабарламаларға жазылу