Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Химки қаласында Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті.
Алғашқы 45 минутта екі команда да бір-бірлерінің қақпаларына қауіп төндіре алмады.
Екінші таймның басында қазақстандық футболшылар ширақ қимылдап, бірнеше шабуыл ұйымдастырды – нәтиже шықпады. Соңғы есеп – 0:0.
Ресей құрамасының бас бапкері бұл ойынға негізгі құрамның ойыншыларын шығармады, және ойын барысында алты футболшыны алмастырды.
«Астана»-ның жартылай қорғаушысы Георгий Жуков бұл кездесуде Қазақстан құрамасы үшін алғашқы рет ойнады.