Қаламын қолынан түсірмеген жауынгер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаламын қолынан түсірмеген жауынгер

31.03.2015
Қаламын қолынан түсірмеген жауынгер

Бұрынғы Тайпақ ауданы Сайқұдық ауылында дүниеге келген Бисен Жұмағалиев еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, 1942 жылы өз еркімен майданға аттанды. Жан алып, жан беріскен ұрыстарға қатыса жүріп, қаламын қолынан түсірмеген жауынгер Ленинградтағы әскери-саяси училищеде оқып, қазақ тілінде шығатын «Отанды қорғауға» атты майдандық газетке қызметке алынады.

1947 жылы елге оралғаннан кейін облыстық партия комитетінде қызмет етті. Облыстық «Екпінді құрылыс» газетінің (қазіргі «Орал өңірі») редакторы болды. Кейін Фурманов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Батыс Қазақстан мен Көкшетауда ұзақ жылдар бойы облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды.

Батыс Қазақстанның арғы-бергі тарихын жақсы білетін Бисен Жұмағалиев - «Қазақтар Ленинград майданында», «Шолохов Қазақстанда», «Степные зари Приуралья», «Обновленная степь» сынды кітаптардың авторы.

Бүгін 22.40-та «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан журналист Бисен Жұмағалиевтің мергендігі, ерлігі туралы толығырақ біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу