Баланы кімге сеніп тапсырған жөн? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баланы кімге сеніп тапсырған жөн?

31.03.2015
Баланы кімге сеніп тапсырған жөн?

Баласын бауыр ет деп білетін қазақ үшін перзентінен қымбат дүние жоқ. Өмірде кемдік көрмесе екен, деп қолынан келгенше қамқорлық жасайды. Толыққанды тәрбие беруді мақсат етеді. Бүлдіршін бес жасқа келгенше мінезінің тоқсан пайызын қалыптастырады деседі.

Ендеше, қазіргі уақытта кішкентай балаға тәрбиені кім беріп жүр? Әрине, ата-анасы. Ал, олар жұмыста жүргенде ше? Балабақша немесе бала күтуші. Қазақ отбасыларында бертінде пайда болған бала күтуші қандай болуы керек?

Ата мен әженің тәрбиесін көріп өскен сәби мен күтуші баққан баланың мінезі, ой-өрісі қандай болады? Қазіргі  жастар неге баланы үлкендердің тәрбиесіне беруден қашқақтайды?

Жалпы, баланы кімге сеніп тапсырған жөн? Бала күтуші бүлдіршінге анадай қамқор, анадай мейірбан бола ала ма? Бүгін бұл мәселе 21.05-те «Айтуға оңайда» талқыланбақ.

Фото: malinkablog.ru

 

Хабарламаларға жазылу