Хьюстонда өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күнтізбесі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хьюстонда өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күнтізбесі белгілі болды

31.03.2015
Хьюстонда өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күнтізбесі белгілі болды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2015 жылы АҚШ-та өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күнтізбесін жариялады.

Ауыр атлетикандан биылғы Әлем чемпионаты 20-қарашада басталып, 28-қарашада аяқталады.  2015 жылғы Әлем біріншілігі ерлер арасында 82, ал әйелдер арасында 25 рет ұйымдастырылуда.  

Хьюстондағы Әлем біріншілігінде ерлер 8, әйелдер 7 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Айта кетейік, 2014 жылы Алматыда өткен Әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы 3 алтын және 2 қола медаль еншілеген болатын.

Хабарламаларға жазылу