«Өзекжардыда» - майдангер Ахат Бекмадияұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өзекжардыда» - майдангер Ахат Бекмадияұлы

31.03.2015
«Өзекжардыда» - майдангер Ахат Бекмадияұлы

Ел басына күн туғанда, етігімен су кешкен ерлердің бірі – Ахат Бекмадияұлы. Ол 1923 жылы қазіргі Астрахан ауданында дүниеге келген.  1939 жылы Қызылжар қаласындағы педучилищеге түседі. Соғыс басталысымен әскерге қанша сұранса да, оларды «оқуларыңды бітіріп алыңдар» деп, майданға жібермей қояды.

Содан 1942 жылдың мамыр айында оқу аяқталысымен әскер қатарына шақырылып, әуелі оқу-жаттығудан өтеді. Аз ғана уақыт ішінде әскери тәртіпті үйреніп, соғысқа аттанады.

Ахат Бекмадияұлы әуелде Мәскеу түбіндегі қорғаныс бөлімінде болады. Ал, 1943 жылдың жазында негізгі күш Орел-Курск ендігіндегі шайқасқа жұмылдырылғанда, олар Курск түбіндегі қорғаныс шебіне шақырылады.

Қазақ халқының батыр перзенттерінің бірі Ахат Бекмадияұлы  бүгін «Өзекжарды» хабарының қонағы. Ұлтты арнадан 17.50-де көріңіз.

Хабарламаларға жазылу