Кеше Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло ойын алдында баспасөз мәжілісін өткізіп, ойын және Қазақстан Ұлттық құрамасы туралы ойымен бөлісті.
«Қазақстан Ұлттық құрамасына қарсы ойында бірқатар жас талантты футболшыларға мүмкіндік беремін. Олар құрама сапында алғаш алаңға шыққалы тұр. Себебі, осындай ойындарда жастар тәжірибе жинауы қажет. Ойынның алғашқы минутынан бастап қақпаны Юрий Лодыгин қорғайтын болады. Қазақстан – тез дамып келе жатқан мемлекет. Инфраструктурасын өркендетіп, футболға ерекше ден қойып жүр. Қазақстан Ұлттық құрамасы бізге лайықты қарсылас», - дейді Фабио Капелло.
Ресей мен Қазақстан Ұлттық құрамасының арасындағы жолдастық кездесу бүгін Астана уақыты бойынша 23:00-де «Химки Арена» стадионында өтеді.