Павлодар облысында 2015-2020 жылдарда туризмді дамытудың басым бағыттары белгіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 2015-2020 жылдарда туризмді дамытудың басым бағыттары белгіленді

31.03.2015
Павлодар облысында 2015-2020 жылдарда туризмді дамытудың басым бағыттары белгіленді

Павлодар облысының туристік кластерін жасау мен дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған мастер-жоспары бекітуге ұсынылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Тұжырымдамамен туризмді дамытудың өңірлік мастер-жоспарларын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді преспективада әзірлеу қажеттілігі белгіленді.

Павлодар облысының туризмін кластерлік дамыту мастер-жоспарын әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 16 млн.теңге қаражат бөлінді.

Аталмыш мастер-жоспар 7 бөлімнен тұрады: туристік кластердегі ағымдағы жағдайды талдау, туристік кластердің преспективті сегменттерінің дамуын бағалау, Павлодар облысының туристік кластерін дамыту жоспары, туристік кластерді қалыптастыру мен оны ілгерілетудің кезеңдік тетігі, Павлодар облысы туристік кластерінің мастер-жоспарын іске асыру жөніндегі әдіснамалық ұсынымдар.

Павлодар облысында туримзді дамыту жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Туристік кластердің барлық элементтерінің тиімді жұмысы облыс бюджетін толтыруға, айналымға қосымша капиталдарды тартуды жетілдіруге көмек береді.

Сонымен қатар, кластердің іске асуы мәдени-тарихи ескерткіштерді, қорықтарды сақтауға, экологиялық жағдайды сауықтыруға, қызметтер саласын дамытуға, облыс инфрақұрылымын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу