«Каратэ спорты – шығыс жекпе-жегінің бір түрі. Әсіресе, Жапонияда бұл спорт түрінің 7 бөлімі бар. Кикбоксингке ұқсайтын болғандықтан, спортшыға физикалық тұрғыдан қиын келетін спорт түрі. Киокушинкай-кан спорты Қазақстанның барлық өңірінде 1990 жылдан бері дамып келеді. Біздің ұлттық федерацияның көмегімен, біраз облыста филиалдар ашылуда. Бүгінде ауылдық жерлерде де бұл спортқа деген қызығушылық артуда»,-дейді Сайранбек Ербатырұлы.
Бүгінде талай биікті бағындырып үлгерген Темірлан Жәнібек киокушинкай-канмен 8 жасынан айналысады. «Ол кезде мен 2 сыныпта оқимын. Бірде жаттықтырушы біздің мектепте каратэ курсы ашылатынын айтты. Бұрын да түрлі кинолардан көріп, қызығып жүретін едім. Каратэге осылай келдім. Бұл спорттың бір ерекшелігі, татамиге шыққанда қандай техниканы қолданғың келсе, соны қолданасың. Мен әр шыққан сайын рахат аламын»,-дейді ол.
«Бүгінде тәжірибе алмасу мақсатында федерация жылына екі рет Жапонияның үздік мамандарын шақырып, Бурабайда оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Ондағы негізгі мақсат – жаттықтырушы, төреші, спортшылардың деңгейін көтеру. Сондай-ақ, қыста Ресейден де мықты мамандарды шақырамыз»,-дейді федерацияның вице-президенті.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.