«Мен қоғамдық көлік жұмысын жөнге келтіруді бірнеше рет тапсырғанмын. Басым бағыттарды белгіледік, жаңа автобустар алдық, жүргізушілер мен кондукторларды оқып-үйрететін курстар жүргізіліп жатыр. Тиісті нәтиже көретін уақыт келген секілді. Алайда, тұрғындардың шағымдарына сүйенсек, жағдай түбегейлі өзгермеген», - деді қала әкімі.
Тағы бір өзекті мәселе - кейбір саябақтар мен скверлердің, сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған жоласты өткелдерінің жағдайының қанағаттанарлықсыз болуы. Мысалы, Қабанбай батыр даңғылы арқылы өтетін «Рамстор» сауда үйінің маңындағы жоласты өткелі қала тұрғындары мен мүгедектер үшін қауіпті, деп санайды Ә.Жақсыбеков.
ҚазАқпарат